$ 444.32  473.33  4.76

300-ге жуық қазақстандық діни көзқарасына байланысты сотталған

Қазіргі уақытта діни көзқарасына байланысты 300-ге жуық адам сотталғандардың қатарында тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков мәлім етті.

— Бүгінгі таңда 300-ге жуық отандасымыз діни көзқарасына байланысты сотталғандар санатында. Олармен түрлі бағыттағы шараларды іске асырудамыз. Атап айтқанда, Дін істері агенттігімен және әр түрлі діни ұйымдар өкілімен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша дін қызметкерлері мекемелерге 662 рет шақырылып және 25 дәріс ұйымдастырылды, — деді Теңізжан Нұрмаханұлы.

Айта кетейік, елдегі түзеу мекемелерінде сонымен қатар республиканың барлық аймағында құрамында 114 адам бар 30 қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдарды, заңгерлерді ұсынатын 15 қоғамдық бақылау комиссиясы жұмыс жасайды екен. Ағымдағы жылдың жеті айдағы көрсеткіші бойынша Қоғамдық бақылау комиссияларымен бірігіп ҚАЖ мекемелерінде 163 іс-шара және 160-тан аса кездесулер, дөңгелек үстелдер мен адам құқықтарын сақтау бойынша түрлі дәрістер ұйымдастырылыпты.

— Бұдан өзге, ҚАЖ-дың аумақтық департаменттері 60 ҮЕҰ-мен әрекеттесуде. Жасалған меморандумдар аясында Ұйым мүшелерімен бірігіп адам және азамат құқықтарын сақтау тақырыптарында конференциялар, дөңгелек үстелдер өткіздік, — деді ол өз мәлімдeмесінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары