Ресейлік Ren TV телеарнасының бас редакторы Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан телесюжетте оның фотосуреті жаңылыс қолданылғаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Арнаның бас редакторы Михаил Фролов бұл туралы телефонмен әңгімелесу барысында айтты.
Еске сала кетсек, 26 тамыз күні телеарна эфирінен жедел жәрдем жүргізушісін қазақстандық бизнесменнің ұрып-соққаны туралы сюжет көрсетілген болатын. Журналистердің мәліметінше, күдікті — Мәскеудің 55 жастағы тұрғыны. Осы кезде экраннан Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуреті көрсетілді.
Ал кадр сыртынан жүргізушінің «Міне, мынау — астананың 55 жастағы тұрғыны Жомарт Қаменов» деген дауысы естілді. Сюжет эфирден 27 тамыз күні қайталанды.
Сенат төрағасы Twitter-де бұл жайтқа қатысты өз ойын білдірді. Ол мұны журналистердің алаңғасарлығы санайтынын және басқа теріс ниет байқамағанын айтты.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретіне қатысты оқиғамен Қазақстанның Ресейдегі елшілігі айналысып жатқанын хабарлады. Елшілік Ren-TV телеарнасына хат әзірлеп қойған.
«Мәселенің мән-жайын түсіндіріп беруді, егер сондай қателік жіберілсе, оны жоққа шығаруды сұраған хат жазылды», деді СІМ баспасөз хатшысы.