29.08.2014, 06:10

Алматы облысында жер сілкінді

Сурет: unian.net

Бүгін Алматыда таңғы 07 сағат 03 минут 57 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратты.

«Жер асты дүмпуінің кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 622 шақырым жерде, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 20 шақырым тереңдікте орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.5. Жер сілкінісінен бөлінетін сейсмикалық толқындардың магнитудасы MPV - 5.3», делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.