$ 494.87  520.65  4.91

Мереке күндері астаналық полицейлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

ҚР Конституциясының 19 жылдығына орай қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы ІІД жеке құрамы күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді, деп хабарлайды astana.kz Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала көшелерінде және адамдар көп жиналатын жерлерде патрульдік қызмет наряды көбейтіледі, көлік құралдарының қалаға келуі мен шығуын бақылау күшейтіледі.

Сонымен қатар, елордалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, халықтық серуен өтетін жерлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел медициналық жәрдем көліктері кезекшілік ететін болады. Мереке және демалыс күндері стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар тұрғындарға жедел және медициналық көмек көрсетеді. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина мекемелерінде сағат 9.00-16.00 дәрігерлер кезекшілік етіп, қабылдау жүргізеді. Өз кезегінде, Астана қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы мерекелік шаралар ұйымдастырылған орындардан келіп түскен шақыруларға бірінші кезекте қызмет көрсетпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары