Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ төрт шахтасы көмір өндіруден миллиондық межеден өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат».
«Бүгінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің 4 шахтасы «миллионер» болып табылады. Алғаш болып биыл «Саранская» шахтасының кеншілері миллион тонна көмір қазып алған. Шахтерлар күні қарсаңында «Шахтинская», «Казахстанская» және Күзембаев атындағы шахталар миллиондық межеден өтті», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«Саранская» шахтасының қызметкерлері 7 айда 1,2 млн. тоннадан астам көмір өндірді. Қазіргі күні бұған қосымша тағы 100 тоннадан артық межеге қол жеткізді.
Компания ақпаратынша, жыл басынан «АрселорМиттал Теміртау» шахталары 7,2 млн. тонна көмір өндірген. Тәуліктегі орташа өнім шамамен 36 тоннаны құрады.
Компанияда үңгушілердің жемісті жұмысын атап өтуде. 7 айдың қорытындысы бойынша ұңғылау 31 215 метрді құрады, бұл жоспардан 180 метрге артық. Ал шілде айында 4 130 метр игерілді.