$ 448.89  477.93  4.76

Қазақстандықтар Конституция күнін атап өтуде

Бүгін барша Қазақстан халқы Ата Заңымыз - Конституция күнін атап өтуде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Республикалық референдумда қабылданған, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен Ата Заңымыз - Конституцияға 19 жыл толып отыр.

Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерді орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алғашқы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады. Атап айтқанда, 30-31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күндері болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары