«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ қазақстандық мұнай өнімдерінің бөлшек нарығында тапшылықты болдырмау мақсатында Ресейден қосымша бензин мен дизель отынын импорттауға ниетті, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Компания мәлімдегендей, АИ-92 маркалы бензинін жеткізу бойынша жоспарланған 10 мың тоннасынан 6,2 мың тонна немесе 62%; дизель отынын жеткізу бойынша жоспарланған 34 мың тоннадан 9,4 мың тонна немесе 28% жөнелтілді.
«Қазақстанда артқан сұранысты толтыру үшін жоғарыда көрсетілген мұнай өнімдері көлемінен басқа қыркүйекте қосымша 176 мың тоннаға жуық мұнай өнімдерін импорттау қажет, соның ішінде АИ-92 маркалы бензині 140 мың тонна, дизель отыны – 36 мың тоннаға жуық. Бүгінгі таңда бірқатар ресейлік компаниялармен алдын-ала келіссөздер аяқталды және қыркүйекте қосымша 50 мың тонна Аи-92 бензинін және 35 мың тонна дизель отынын жеткізу мүмкіндігі талқылануда», делінген хабарламада.