Жаңалықтар 30.08.2014 сағат 04:52

Павлодар облысында екпеден бас тартқан екі балада туберкулез анықталды

Ата-аналардың туберкулезге қарсы екпенің жүргізілуінен бас тартуы себебінен 1 жастан асқан егілмеген екі балада туберкулез анықталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодар облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2014 жылғы 1 тамызға Павлодар облысы бойынша егілмеген балалардың саны 210-ға жетті. Оның ішінде ата-аналардың бас тарту себебінен – 85%, уақытша медициналық қарсы көрсетілім – 13,3%, басқа себептер – 1,9%-ды құрап отыр.

— Өкінішке қарай, ата-аналардың көбі өз балаларының денсаулығына немқұрайлы қарайды, туберкулезге қарсы екпенің жүргізілуіне елемеушілік білдіріп, өз баласының ауру жұқтырылуына қауіп төндіріп отыр. Егілген бала ғана туберкулезден қорғана алады, — дейді туберкулезге эпидқадағалау бөлімінің басшысы М.Раденцева.

Оның айтуынша, облыс бойынша туберкулезге қарсы вакциналау пайызы 96% құраған.

Қазіргі уақытта туберкулезге қарсы вакциналау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-ІҮ Кодексінде көзделген қажетті және міндетті қорғаныс шарасы болып саналады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар