$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы құбылмалы болады

Елімізідің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігінде және орталығында атмосфералық ағындардың өтуінен күн райы құбылмалы болмақ, деп хабарлайды «Қазгидромет» метео қызметі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз өтеді.

Кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді деп күтілуде, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнайды деп күтілуде, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді деп болжануда. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерді тұман басады.

Күндіз Алматы облысында аптап ыстық болады деп күтілуде. Республиканың оңтүстігінде, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары