Қазақстандық шекарашылар елімізден Ресейге заңсыз түрде 26 тонна дизельді отын өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдегендей, Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ авто» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары «Ивеко» автомобиліне 26 тонна дизельді тиеп, Ресей Федерациясына заңсыз жолмен өткізбек болған 40 жастағы сол елдің азаматын ұстады.
«Аталған дерек бойынша сол облыстың Қарабалық ауданының ішкі істер бөлімі хабарландырылды. Фильтрациялық іс-шаралар жалғастырылуда», делінген хабарламада.