Ақмола облысында есірткі сатпақ болған 57 жастағы ер адам қолға түсті, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері «Жақсы-Атбасар» тас жолының бойында «Мазда 626» автокөлігін тоқтатып, ішін тінту барысында 127,7 грамм кептірілген есірткі затын тапты.
«Тексеріс барысында белгілі болғандай, көлік жүргізуші 1957 жылғы Атбасар қаласы тұрғынының Жақсы ауданы аумағында есірткі сатпақ болғаны анықталды», делінген хабарламада
Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 259 бабының 2 бөлімі бойынша (заңсыз есірткі айналымы) қылмыстық іс қозғалды.