$ 447.4  477.55  4.76

Калачи тұрғындары тағы да қалың ұйқыға кетуде

Калачиде кесел қайта өршіп жатыр. Себебі белгісіз ұйқы ауруымен танылған Ақмола облысындағы бұл елді-мекенде тағы 8 адам қалың ұйқыға кеткен. Оның үшеуі — оқушы, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балалар алғашқы қоңырау мерекесінен соң үйлеріне қайтып бара жатқанда жарты жолда талып қалыпты.

Табан асты ұйқы қысқан жасөспірімдерді көшеде жатқан жерінен өз сыныптастары тауып алған. Қазір балалардың барлығы ауруханада. Палаталарда ұйықтап жатыр. Өткен аптада Калачи ауылының 5 ересек тұрғыны да дәл осылай есінен таңып құлаған болатын.

«Осылайша белгісіз сырқат Калачилықтардың әлі де есін жиғызар емес.Былтыр наурыздан басталған ұйқышылдық дерті ауылдың 50-ден астам тұрғынын аяқтан құлатты. Ал мамандар сырқаттың нақты себебін әлі күнге анықтай алар емес», делінген телеарна сюжетінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары