Ақтауда екі күн бойына «AktauOpenFest 2014» екінші республикалық фестивалі жағалау халқына демалыс ұсынды. Спортшылар таң атысымен түрлі спорттық ойындар ұйымдастырған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Фестивальға Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарындылар жиылған. «Воркаут», «паркур», «брэк дэнс», скейтинг, «биэмикс», «стритбол» секілді еркін көше билері көптің назарына ұсынылды. Биылғы өнер фестивалі былтырғыдан ерекше көлемді түрде ұйымдастырылған. Қатысушылардың көпшілігі тек еліміздің ғана емес, алыс-жақын шет елден келген өнерпаздар.
Фестивальдің қонағы болып екі дүркін Әлем чемпионы — Илья Ильин қатысқан болатын.
— Бұл дәстүрлі фестиваль әлем бойынша дамытып отыр. Қазақстан да қалыс қалмау керек. Егер біз бұған көз жұмып қарсақ,біз дарынды жастарды жоғалтамазы. Олар өздернің сүйікті ісімен айналысса ғана,бұл да спорт түрі сондықтан жаман әдеттерге үйір болмас еді. Мен өзім қолдаймын. Сол себепті басқалардың осыған үн қосқанын қалаймын, — деп атап өтті Илья Ильин.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарыстың басты жүлдесіне 600 мың теңге қойылған.
Жарысқа қатысушылар түрлі тосқауылдарды бағындырып, экстремальды өнерлерін ортаға салды.
Ұйымдастырушылар турнир қатысушыларын сый-сыяпатсыз қалдырмады. Баскетболдан кіші топтағы балалар арасында бірінші орынды қаладағы жетінші мектеп иеленді.
Жүлделер арасында жаңа аталымдар да бар. Жарыстың воркаут және брэйк данс аталымы бойынша ең үздіктер марапаталды. Ал баскетболдан ерлер арасында өткен республикалық ашық чемпионатта Рудный қаласының Аят командасы 300 мың теңгенің сертификатын алды. Ал астаналықтар екінші орынға табан тіреп, үшінші орын Каспийліктерде қалды. Фестиваль соңында Ресейлік рэп орындаушылар Каста тобы өнер көрсетті. Айта кетейік, бұл олардың шаһарымызға он жылдан кейінгі гастрольдік сапары.