Кеше Астана қаласының барлық аудандық әкімдіктері жанынан арнайы комиссиялар өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бірінші күні комиссиялардың қарауына 140 астам өтініш келіп түскен.
Комиссия мүшелерінің айтуынша, азаматтардан әзірге қажетті құжаттар тізімі, қатысу шарттары туралы жалпы сұрақтар ғана келіп түсуде.
«Мүлікті заңдастыру бойынша арнайы комиссия Алматы ауданында Тәуелсіздік көшесі 7 үй, Есіл ауданында Қабанбай батыр даңғылы 33, Сарыарқа ауданында Сарыарқа даңғылы 13 мекенжайлары бойынша орналасқан», делінген хабарламада.
Азаматтар мүлкін жария ету үшін өтініш, аудандық комиссияға өтініш (белгіленген нұсқада екі данамен), жеке куәліктің көшірмесін (өтінішті берген кезде түпнұсқасын ұсыну керек), нысанның құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкестігі туралы аттестатталған сарапшының қорытындысын, сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын ұсыну керек.