$ 447.4  477.55  4.76

Астана жылу беру маусымына дайын

Елордада алдағы жылу беру маусымына дайындық аяқталып келеді. Қазір қаладағы 2115 тұрғын үйдің 2061 суық маусымға сақадай-сай. Бұл қаладағы тұрғын үйлердің 97 пайызын құрайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

— Қаланың көпқабатты үйлері жылу маусымына дайын деуге негіз бар. Дайындық барысында шатырлар жөнделіп, жылумен қамтамасыз ететін желілер ауыстырылды. Жылу алмастырғыштар, жалпы тұрғын үйлік жылу мен суды есептейтін құрылғылар жаңадан орнатылды. Сумен жабдықтау, электр жүйесі жөнделді, — дейді Астана қаласы Тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Амандос Құсанов.

Бүгінге дейін үй ішілік 308 қондырғының 263 орнатылып, су есептейтін 230 құрылғының 227 ауыстырылған. Жалпы, Астананың үш ауданында да жылыту маусымына дайындық қорытындыланып жатыр. Әлеуметтік нысандарға тоқталсақ, 137 білім мекемесінің 130, орталық жылу беру жүйесіне қосылған 28 денсаулық мекемесінің барлығы және 92 мәдени нысан қысқа дайын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары