29 тамыз күні Ақтөбеде көпқабатты үйдің 25-қабатынан құлаған жігіттің өзін-өзі өлтіргені белгілі болды, деп хабарлайды 24.kz.
Қызды өлтірген жігіт 25-қабаттан секіріп кеткен.
Ол ауыр қылмыс жасап, кісі қанын мойнына жүктегеннен кейін, өз-өзіне қол салған. Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны сол күні таңертең 20 жасар қызды қатыгездікпен өлтірген.
Ол қыздың 9 жасар інісінің көзінше 20 жерден пышақ сұққан. Қандықол қылмыскер кейін 11-шағын аудандағы көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен.