03.09.2014, 09:03

Ақмола облысының билігі Калачи ауылын бүтіндей сүріп тастауды ұсынды

Сурет: spy.kz

Тұрғындары «ұйқысыздық» дертіне шалдыққан Калачи ауылының құпиясын аша алмаған Ақмола облысының билік өкілдері елдімекенді бүтіндей сүріп тастау туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды 31 арна.

Аймақ әкімі тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне елдімекенді жою мүмкіндіктерін қарастыру туралы тапсырма берді. Халқы екі-үш тәулікке дейін түсініксіз жағдайда ұйқыға кететін дертті, мамандар да бір жылдан бері зерттеп, сырын таппай келеді.

Сондықтан, мүмкіндігінше тұрғындар көшіріліп, ескі үйлер сүріліп тасталмақ. Өткен жылдың наурыз айынан бері «ұйқысыздық» дертіне Калачидің алпыс тұрғыны шалдыққан.

Сондай-ақ, құпия аурудың сырын денсаулық сақтау министрлігінен құрылған комиссия да, экологтар мен медицина ғалымдары да анықтай алмады.

Тіпті ғалымдар инфекциялық және бактериялық факторлардан болуы мүмкін деген болжамды да жоққа шығарды.

Бұған дейін талай айтылған ауылдың радиациялық жағдайы да бір қалыпты болып шыққан. Соңғы ақпараттар бойынша, сегіз бала ұйқыға кетіп, бірнеше күннен кейін оянған.

Тегтер: ауыл Калачи