$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы «Барахолкада» перделер сақталған қойма өртенген

Бүгін таңғы сегізде «барахолкада» шыққан өрт Алатау базарындағы перделер сақталған 1 қойма мен 1 контейнерді шарпыды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Жетісу ауданының прокуроры Нариман Бекназаровтың сөзіне қарағанда, өрт аумағы шамамен 200 шаршы метрді құраған.

— Халықтық тұтыну тауарлары - перделер сақталған 1 қойма мен 1 контейнер жартылай өртеніп кетті. Қазір анықтау, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары тонаушылықтың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде, — деді Н.Бекназаров.

Прокурордың мәлімдеуінше, өрт туралы хабарлама кезекші пультіне 8.04-те түскен. Өрт сөндірушілер бригадасы 8.15-те оқиға орнына келіп, таңғы 8.49-да өрт ошағын сөндіріп үлгерген.

Өрттің шығу себептері анықталуда. Қазір оқиға орнында тексерулер жүргізіліп жатыр.

Әзірге Алатау базары жұмысын жалғастырып жатыр. Тек өртенген қоймаға жақын орналасқан алтын, зергерлік бұйымдар контейнерлерінің иелері қауіпсіздік үшін тауарларын көшіріп әкеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары