$ 444.22  476.38  4.82

Елордаға 200-ге жуық су жаңа автобус жеткізіледі

2014 жылдың соңына дейін Астанаға «IVEKO BUS» француз компаниясы шығарған дизель отынымен жүретін 350 жаңа автобустың бірінші бөлігі (190 көлік) жеткізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жыл басында Астанада көлік модернизациясы және «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын жүзеге асыру аясында IVECO көлік құрастырушы зауытымен автобустарды Елордаға жеткізу туралы келісімге қол қойылған болатын.
«Бас қалаға 2014 жылдың соңына дейін 190 автобус, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 168 автобус жеткізу жоспарланған. Жаңа автобустар жолаушылар тасымалы сапасын анағұрлым арттырып, қаланың экологиялық жағдайына да оң әсерін тигізетін болады. Қызмет қосымшаларының толық жиынтығымен жабдықталған бүгінгі заман талаптарына толық жауап беретін бұл көліктер Астананың аязды қысына бейімделіп жасалған», делінген хабарламада.

Автобус еденінің төмен орналасуы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп-шығуына арналған арнайы пандустардың болуы автобустың негізгі ерекшеліктерінің бірі. Мұндай автобустар сапа, ыңғайлылық және қауіпсіздік тұрғысынан жолаушыларға жоғары сапалы қызмет ететін болады. Сонымен қатар автобустар бейнебақылау, жолаушыларды санау, WI-FI, валидатормен және жолаушыларды ақпараттандыру жүйесі құрылғыларымен жабдықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары