$ 494.87  520.65  4.91

Цезий контейнерін тапқан адамға 1,5 млн. тенге берілмек

Маңғыстау облысында жоғалған радиоактивті цезий-137 материалы бар контейнерді тапқан адамға бір жарым миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 27 тамыз күні Орал қаласынан Маңғыстау облысына бара жатқан «КАМАЗ» жүк көлігінен цезий-137 радиоактивті заты салынған, биіктігі 30, диаметрі 20 сантиметр, салмағы 50-60 килограмм болатын контейнер жоғалған. Оқиға Сай Өтес ауылынан Шетпе ауылына дейінгі аралықта болған.

Ішкі істер министрлігі ұлттық гвардиясы 6656-әскери бөлімінің 70 әскери қызметкері Маңғыстау ауданының Шетпе ауылынан Бейнеу ауданының Опорный ауылына дейінгі 300 километрлік жолды аралаған болатын. Әкімдік тұрғындардан контейнерді тауып алған жағдайда оны ашпауды, бірден құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары