$ 494.87  520.65  4.91

Мүлікті заңдастыру өтініштері 2015 жылдың соңына дейін қабылданады

Қазақстандықтардың мүлікті заңдастыруға өтініші 2015 жылғы 30 қарашаға дейін қабылданады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті.

— Қаржы мен жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы 1-қыркүйектен басталды. Шара 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Айта кетерлігі, ақшадан басқа мүліктерді заңдастыру үшін құжаттар беру мерзімі де 1 қыркүйекте басталғанымен келер жылдың 30 қарашасында аяқталатын болады, —деді Теңгебаев. 

Оның атап өтуінше, акцияның алғашқы күнінің өзінде ғана Астана қаласының әкімдігіне 140-тан астам адам, Ақтөбе облысында 70-тен астам адам жүгінді.

«Сонымен қатар, айта кетерлігі қаржылық алымдарды жария ету үшін алым сомасын аударуға бюджеттік сыныптауыштың арнайы коды ашылды. Код нөмірі: 206-110», деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары