$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 33 680 бала бар

Соның ішінде 21 856 баланы қазақстандық отбасылар қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа алған, 1 947-сі - патронаттық тәрбиеде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 9 879 бала жетім бала және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастырылып,  толықтай мемлекеттің қамқорлығына алынған.  

Республикада жетім балаларға арналған 188 ұйым бар. Соның ішінде 43 ұйым денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде. Оның құрамында 2 095 бала. Ал құрамында 7784 бала бар 145 ұйым білім беру жүйесіне қарайды.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғамда өз орнын тауып, отбасында жақындарымен өмір сүруге бейімделуі үшін отбасы үлгісіндегі балалар үйі және отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары желісін дамытуға баса назар аудрылуда. Қазіргі уақытта отбасы үлгісіндегі 16 балалар үйі және 11 балалар ауылы жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары