Бүгін Елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері Жоғарығы соттары төрағаларының Қазақстанның төрағалық етуміен тоғызыншы кеңесі болып өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Отырыста тауарлардың кедендік құнын айқындау, некені бұзу ісі бойынша сот тәжірибесі, алиментті өндіру, бала асырап алу, осы санаттағы істер бойынша қабылданған сот шешімдерін өзара мойындау және орындау жөнінде сөз қозғалды. Сонымен бірге, соттар қызметін жетілдіру және оны бағалау, сотты басқарудың теңгерімді жүйесін құрудың, судьяларға үміткерлерді іріктеу және тағайындау, сот төрелігінің ашықтығы, сот өндірісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың өзекті мәселелері қаралды.
ШЫҰ мүше мемлекеттердің соттар жүйелерін дамыту мәселелерінде қол жеткен өзара түсіністікті белгілей отырып, ШЫҰ мүше мемлекеттер Жоғарғы Соттарының төрағалары мәлімдеме жасады.
Атап айтқанда, ШЫҰ мүше мемлекеттер Жоғарғы Соттарының төрағалары тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысты дауларды шешу бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап көрсетті;
ШЫҰ мүше мемлекеттер Жоғарғы Соттарының төрағалары ары қарай да азаматтық және отбасылық істер бойынша сот тәжірибесін жетілдіруде ынтымақтастықты дамыту, осы санаттағы істер бойынша қабылданған сот шешімдерін өзара мойындау және орындау саласындағы бірлескен іс-қимылды дамытуға ниетті; ШЫҰ мүше мемлекеттер Жоғарғы Соттарының төрағалары судьяларды іріктеу мен тағайындау саласындағы халықаралық-құқықтық тәжірибені қарап, судья кадрларының сапалы резервін қалыпастырудың, судья лауазымына үміткерлерді іріктеудің озық тетіктері мен өлшемдерін пайдаланудың маңызын атап көрсетті.
Бірлескен келісім Астана қаласында 2014 жылдың 4 қыркүйегінде орыс және қытай тілдерінде дәл нұсқасында жасалды. Екі тілдегі мәтін де бірдей күшке ие.