5 қыркүйек күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік пен солтүстік-батыста аздаған жауын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» метео қызметі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстік пен батыс аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде ауа райы 0-3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.