$ 448.15  483.46  4.86

Мүслім Өміраев алған парасын терезеден лақтырған

Астанада соты жүріп жатқан бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министріне қатысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ол дерек бойынша, Мүсілім Өміраев қаржы полициясы пәтеріне кіріп келгенде, пакетке оралған 100 мың доллар параны терезеден лақтырып жіберген. Биіктен ұшқан ақша сол сәтте экс-шенеуніктің үйін сырттан бақылап тұрған жедел уәкілдердің дәл аяғының астына түсіпті.

«Бұл жайында экс-шенеунікті тұтқындауға қатысқан қаржы полициясының қызметкерлері айтты. Сондай-ақ, бүгін сотқа Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева да шақыртылды. Өзін түсіруге рұқсат етпеген ол істі болған әріптесіне әдеттегідей шаң жуытқан жоқ. Ал тергеу материалдарына сүйенсек, Мүслім Өміраев аусыл дертіне қарсы егілетін дәрілерді сатып алуға өтетін тендерді алматылық кәсіпкерге ұтып беруге уәде еткен. Алдымен алғашқы ауызбастарық ретінде бизнесменнен туған балдызы арқылы 7 миллион теңге пара алған екен. Кейін тағы 100 мың доллар сұрап, оны алып жатқан жерінде ұсталды. Ал бүгінгі сот отырысына келген негізгі куәгерлердің бірі бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министріне сөмке толы ақша тасығанын жасырған жоқ», делінген телеарна сюжетінде.

— Антимонов Евгений Викторович Өміраев Мүслім Тайырұлына екі рет ақша апарып беруімді сұрады. Біріншісінде қаржыны Астана әуежайында көлік жүргізуішісі алып кетті. Екіншісінде, яғни былтыр 21 желтоқсанда ақшаны Мүслім Тайырұлының өзіне, тура үйіне апарып бердім. Сөмкеде ақша барын мен білген жоқпын. Дос ретінде, өтініш айтқан соң сөзді жерде қалдырмадым, — дейді куәгер Олег Ермолаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары