$ 494.87  520.65  4.91

Ресейлік азамат жүз келіден аса шаяндарды контрабандамен әкетпек болған

Қазақстандық шекарашылар жоғалып кетудің алдында тұрған теңіз шаяндарын мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізбек болған ресейлік азаматты ұстады, ұсталған жүктің салмағы бір центнерден асып жығылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдегендей, Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары Мәртөк аулының маңайында 120 килограмм теңіз шаяндарын заңсыз алып бара жатқан Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

«Заңсыз жүк 40 жастағы азаматтың мініп келе жатқан «Лада Ларгус» автомашинасынан табылды», делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Мәртөк ауданының құқық қорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары