$ 498.34  519.72  4.85

Нью-Йоркте әлемдік «Абай» сюитасының тұсауы кесіледі

Нью-Йорктегі Карнеги Холл сахнасында 12-ші қараша күні Карл Дженкинстің «Абай» және «Шәкәрім» сюиталары Марат Бисенғалиевтің басқаруымен «Алматының симфониялық оркестрінің» орындауында әлемдік премьера өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімшілігінің қолдауымен Марат Бисенғалиев басқаратын «Алматының симфониялық оркестрі» қазақ елінің мәдени мұрасын заманауи музыкалық тілмен жеткізбек.

«Абай» және «Шәкәрім» туындыларының авторы — британдық композитор Карл Дженкинс аталмыш туындыларға қызығушылық танытқаны соншалық, Қазақстанға келіп ұлттық аспаптармен танысқан. Бұл композитордың музыкасы тек қана Еуропада ғана емес, бүкіл әлемге танымал. Ол аталмыш жобада дирижер болмақ», делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Абай» «Шәкәрім» компакт-дискісі 2013 жылы Лондандағы «Angel» студиясында жазылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары