2014 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, ресми дилерлердің сатқан жаңа автокөліктерінің саны 15916-ны құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,08 пайызға кем. Ал, жалпы жыл басынан бері 92517 көлік сатылған. Ал, бұл былтырғы салыстырмалы кезеңге қарағанда 9,1 пайызға артық, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы қазақстандық автобизнес қауымдастығы мәлімдеп отыр.
— Біздің пайымымызша, көлік саудасы жыл аяғына дейін айына 18-20 мың данаға артады. Себебі, алдағы сауда қызатын «күзгі маусым» келе жатыр. Осы қарқынмен есептесек, жыл соңында сатылған көліктер саны 200 мыңды құрайтын болады, — дейді қауымдастық президенті Андрей Лаврентьев.