Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған, әлемнің 144 елі шегінде жасалған талдауды қамтитын 2013 жыл қорытындылары бойынша Жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебіне сәйкес Қазақстан бірқатар көрсеткіштер бойынша өз ұстанымын жақсартты және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің тізімінде 50-ші орынға ие болып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, осылайша, ұялы байланыс абонеттерінің саны бойынша еліміз өткен жылдың көрсеткіштерін 6 тармаққа жақсарта отырып, 4 орынға ие болды. Тіркелген телефон желілерінің саны бойынша Қазақстан 45-орыннан 43-орынға, интернет желісіне тіркелген кеңжолақты қолжетімділігі бар абоненттерінің саны бойынша 63-орыннан 58-орынға, ал интернет желісіне тіркелген кеңжолақты қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша 34 орынға көтерілді, сөйтіп рейтінгіде 3-тармаққа көтерілді.
Бұдан басқа, Қазақстан тиісінше 61 және 54 орынды иелене отырып, пайдаланушылар саны мен интернет желісінің өткізу қабілеттілігі бойынша өз ұстанымын сақтап қалды.