05.09.2014, 08:18

Астанада отандық өндірушілер үшін тегін сауда орындары беріледі

Сурет: astana.slanet.kz

Бұл жөнінде Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы қала әкімдігінің ресми сайтында мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазіргі кезде Астанада отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін «Самғау» СҮ тегін сауда орындарын алуға өтініштер қабылданып жатыр.

Бұл ретте тауардың міндетті түрде СТ-KZ (тауардың Қазақстан Республикасында шығарылғанын растайтын сертификат) сертификаты болуы тиіс.

Толық ақпаратты 919-088 телефоны бойынша алуға болады.