2015 жыл елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында қаулы етемін: 1. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын. 2. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын. 3. Мемлекеттік комиссия туралы ереже және Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген аталмыш жарлықта.