Астанада жолаушылар көлігінің жылдамдық жүйесі бойынша жобаның құрылысы басталды. Жоба аясында тұрғындарға жайлы қоғамдық көлік ұсынылады және жол қозғалысын ұйымдастыру жақсартылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарынша, БРТ жылдам жүретін бағыттық автобустардың көлік жүйесі. Жолаушылар автобустары арнайы салынған жолдармен жүреді. БРТ Астана қаласының халықаралық әуежайын, ЭКСПО қалашығын, Әбу-Даби Плаза мен жаңа теміржорл вокзалын байланыстырады. БРТ желісінің бірінші кезегінде 18 станция салынады.