$ 447.4  477.55  4.76

Олимпиада күніне орай Астанада жүгіруден жарыс өтті

Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары Астаналық мәдениет және демалыс паркінде жиналып, Олимпиадалық күнге арналған спорттық шараларға қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарынша, сағат 10.00 8-11 сынып оқушылары, ал сағат 11.00 орта арнайы оқу орындарының шәкірттері 800 м жүгіреді. Сонымен қатар, сағат 11.45 1200 м жүгіруден жарыс өтеді. Оған министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, елшіліктердің қызметкерлері, олимпиада чемпиондары, ЖОО студенттері мен қала тұрғындары қатысады. 5-10 жастағы балалар арасында «Олимпиадалық жарыс» суреттер байқауы мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қол арбамен 100 м жүгіруден жарыс ұйымдастырылады.

Спорттық шараларға «Достық» спорт комбинаты, №2 БЖСМ, Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы төрелік етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары