$ 444.22  476.38  4.82

Иран кәсіпкерлері елімізбен бірге травертин тасын өндіруге ынталы

Ирандық «Атлас табадал» халықаралық компаниясының өкілі Ахад Мәжди осылай мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.

– Біз Қазақстанды шикізат қорына өте бай мемлекет ретінде білеміз. Алайда, өз инвестициямызды осы елге тартудың ретін келтіре алмай жүрген болатынбыз. Енді міне, сіздердің Мемлекет басшыларыңыздың Қазақстанға инвесторларды тарту жайлы тапсырмасына орай, бізге осындай мүмкіндіктер бұйыруда. Ендігі жерде біздің компания сіздердің елде мрамор тасын өндірумен қатар, травертин тасын өндіріп, өңдеуге күш салатын боламыз, – дейді ол.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Хасан Рухани Иран президенті ретінде таққа отырғаннан кейінгі Қазақстанға алғашқы сапары болып отыр. Сондай-ақ, бұл оның Орта Азияға да жасаған тұңғыш сапары болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары