Жанынан өтіп бара жатқандар оларды оята алмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы «Оса» қоғамдық бірлестігінің ғаламторда жариялаған бейнематериалынан көруге болады.
Видеоға қарағанда, ондағы көлік нөмірінің Ақтөбеде жасалғаны көрініп тұр. Ал, бейнежазбаны қоғамдық бірлестікке куәгерлердің бірі жолдаған.
– Көшенің қақ ортасында жеңіл көліктің арқы жағында қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан полиция киіміндегі екі адам камераға түсіп қалған. Олардың бірінің белінде табельді тапанша, ал екіншісінде, куәгерлердің айтуынша, погоны жыртылған, – дейді «Оса» мүшелері.
Ары-бері өткен адамдар ол екеуін оятуға тырысады. Көліктің нөміріндегі «D» әрпі оның Ақтөбе облысына тиесілі екендігін айғақтап тұр.
– Ролик бүгін келіп түсті. Ал, авторы белгісіз қалуды өтінді. Біздің ұйым мүшелері авторға фабуласын жазып жіберуін өтінді. Әзірге жауап күтудеміз, – дейді «Оса» өкілдері.