$ 494.87  520.65  4.91

Елтаңба өзгеретін болды

2015 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының жаңа стандарты күшіне енеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Астана әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер комиссиясының отырысында Қазақстан стандарттау институты директорының орынбасары Нұртас Өтешев мәлім етті. 

– Стандартқа өзгеріс биылғы жылы жазда енгізілді. О 2015 жылғы маусымнан бастап күшіне енеді. Бұл мерзім ішінде өнідірушілер өз өндірістерін өзгертіп, жаңғыртып үлгереді, – деді ол.

Оның айтуынша, Елтаңбаның түсі, көлемі және кей тұстары өзгертілетін болады.

– Жылдар өте келе кез келген өнім өзгереді, ескіреді. Елтаңба да сондай өзгерісті қажет етуде. Тиісінше Мемлекеттік рәміздерді өндірушілерге шығарылып қойылған Елтаңбаға 3 жыл мерзімге кепілдік беру талабын енгізу ұсынылды, – деп түсіндірді Н.Өтешов.

Оның айтуынша, Қазақстанда 40-қа жуық Мемлекеттік рәміздерді өндірушілер бар. Ол сонымен бірге Елтаңбаның ескі үлгісі 2017 жылғы жазға дейін ауыстырылатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары