Ертең, 10 қыркүйекте Астананың кейбір аудандарында ыстық су өшіріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» АҚ мәлімдеп отыр.
Таратылған ақпаратқа сай, жылу магистралдарын тығыздыққа сынау жұмыстарына байланысты Мехгорка, Игілік, Ақсай, Тайбұрыл, Шонанұлы көшелеріне ыстық су беру ажыратылады. Жылу беру желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары берілген ұйғарымға сәйкес, ыстық сумен қамтуды желіден айырып тастауы қажет. Осы кезеңде кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс.