$ 494.87  520.65  4.91

Ертең еліміздің басым аумағын жауын-шашын күтіп тұр

Қазақстан территориясының көптеген бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Қазгидромет» таратқан мәліметтерге сүйенсек, тек республиканың солтүстік, батыс, солтүстік-батыс және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Солтүстік, солтүстік-батыстың кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік, солтүстік-батыстың кей жерлерінде 0-5 градус үсік болады.

Республиканың оңтүстіктігінде, батыс, солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталығының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары