$ 494.87  520.65  4.91

Маңғышлақ-Бейнеу жолаушылар пойызы енді күн сайын қатынайды

2014 жылдың 11 қыркүйегінен бастап №657/658 Маңғышлақ-Бейнеу жолаушылар пойызы күнделікті қатынауға ауыстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыздың қозғалыс кестесі мынадай: Маңғышлақ станциясынан 23 сағат 10 минутта (Астана уақыты бойынша) жолға шығады, Бейнеу станциясына 8 сағат 25 минутта (Астана уақыты бойынша) келеді, жол үстінде болу уақыты 9 сағат 15 минутты құрайды. Кері қарай жол жүруі Бейнеу станциясынан 23 сағат 10 минутта (Астана уақыты бойынша), Маңғышлақ станциясына 8 сағат 40 минутта келеді (Астана уақыты бойынша), жол үстінде болу уақыты 9 сағат 30 минутты құрайды.

Купелі вагонында Маңғышлақ станциясынан Бейнеу станциясына дейін жол жүру құны 2 569 теңгені, плацкарт вагонында – 1 679 теңгені, жалпы вагонында – 970 теңгені құрайды.

Құрамның схемасы 6 вагон: 2 купелі, 3 плацкарт, 1 жалпы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары