$ 448.15  483.46  4.86

Ресеймен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов импортты алмастыру және қорғаныс кәсіпорындарын интеграциялау мәселелері жөніндегі бірлескен сарапшылар тобының отырысы шеңберінде РФ өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Александр Потаповпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Кездесу барысында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытудың, кәсіпорындардың арнайы өнім шығару бойынша өндірістік және ғылыми кооперациялануының өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптардың пікірінше, 2014-2016 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей әскери техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстар бағдарламасын іске асыру әскери және қос мақсаттағы өнім өндіруге оң ықпал ететін болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары