$ 494.87  520.65  4.91

«Қазпошта» басы артық қызметтерден арылмақ

Бүгiн «Қазпошта» АҚ акционерлерi, директорлар кеңесi мүшелерi және қызметкерлерiнің қатысуымен кеңейтiлген мәжiлiс өтті. Онда аталған компанияда Трансформация бағдарламасын іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz.

Мәжіліс барысында сөз алған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев трансформация бағдарламасын іске асыру кезінде Қор белсенді инвестордың моделіне назар аударуға болатынын атап өтті. Осы модель еншілес компаниялардың директорлар кеңесінің күшеюін, қызметтің негізгі көрсеткіштері арқылы міндетті дұрыс қоюды, Қордың портфелін оңтайландыру мен жекешелендіруді және Қордың әлеуетін кәсіби акционер ретінде арттыруды болжайды.

– «Қазпошта» – ұлттық почта операторы. Оның әлемдегі жетекші компанияларың деңгейінде болуы маңызды. Дегенмен, біз тарихи қалыптасқан операциялық қызметтерді толығымен қайта қарауымыз керек. Оларды автоматтандыруға және артық қызметтерді алып тастауымыз қажет, – деді Өмірзақ Естайұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары