$ 447.4  477.55  4.76

Астанадан Қызылорда мен Өскеменге тальго пойызы жүретін болды

Астанадан Қазақстанның тағы екі аймағына «Тальго» жүрдек пойызы қатынайтын болды. Биылғы жылдың соңына дейін Қызылорда мен өскемендік жолаушылар да бұл пойыздың қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ, «Алматы-Өскемен» бағытында да «Тальго» пойызы қатынамақ, деп хабарлайды Skifnews.kz

Қызылорда облысы әкімдігі ресми сайты жазғандай, бұған дейін Астана мен Шымкенттің арасында «Тұлпар-Тальго» пойызы қатынай бастаған болатын. Жалпы, жыл басынан бері ұлттық тасымалдаушы компания 13 млн 600 жолаушыға қызмет көрсеткен. Оның 6 млн-ға жуығы тек жаз айларында пойызға отырғандар. Маусым, шілде және тамыз айларында 298 мың жолаушы «Тальго»-ның қызметін пайдаланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары