$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде «Жер 2014» республикалық оқу-жаттығуы өтеді

11-12 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының  Өскемен қаласында «Шығыс Қазақстан облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайындау» тақырыбында «Жер 2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығу ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божконың жалпы басшылығымен өтеді, оған орталық және жергілікті атқарушы органдар, облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялары, республикалық және жергілікті Азаматтық қорғау қызметтері, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ведомстволық бағынысты бөлімшелері, Қазақстан Республикасының басқа министрліктері мен ведомстволары қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары