11.09.2014, 08:34

Ертең Петропавл қаласында дабыл қосылады

Сурет: ventasbalss.ru

ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар департаменті жұма, 12 қыркүйек күні Петропавл қаласында сағат 10.00-ден бастап 11.00-ге дейін электр дабылдарын қосып, құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізілетінін мәлімдейді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада дабыл уақытында тұрғындардың тыныштық сақтап, күнделікті шаруалармен айналыса беру қажеттігін ескерткен.