Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында 400 астам ЖОО түлектері 200 астам ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда үш ай тәжірибеден өтулерін бастайды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Нұр Отан» партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Сәтті қадам» жобасына барлық аймақтан қатысуға 1 874 өтінім келіп түскен. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 407 адам Қазақстанның ұлттық компаниялары мен мемлекеттік органдарында тәжірибеден өтуге жолданды.
Жобаның қатысушылары тәжірибеден ұлттық компаниялардан, атап өтсек, «Бәйтерек» ҰБХ», «Парасат» ҰҒТХ», «ЭКСПО-2017» ҰК», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы», «Астана Innovations», «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК», «Ұлттық медицина холдингі», «ҚТЖ» АҚ, сонымен қатар министрліктер және еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттік органдарынан өте алады.
Тәжірибеден өтуге жоғары оқу орнын бітірген жастар ғана қатыса алады.
2013 жылмен салыстырғанда түскен өтінім де, бітіруші түлектер саны да, іріктеуден өткендер де 25 пайызға өскен. Алдыңғы жылы 1500 адамнан 330 ғана тәжірибе алуға жіберілген болатын. Сонымен бірге, былтыр 45 адам тәжірибе өткен орындарында жұмысқа орналасқан еді.