$ 446.49  475.38  4.79

Астанада ТМД әскерилері оқ атудан жарысқа түсіп жатыр

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттер достас армияларының табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс бойынша чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Орталық коммуникациялар қызметі ресми сайтының жазуынша, қатысушылар алдында үш күн бойы Қырғызстан, Ресей және Қазақстан Қарулы күштерінен келген әскери-спортшылар табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс бойынша сайысады. 

Дене тәрбиесін насихаттауға, халықаралық дәрежедегі әскери спортшылардың тәжірибе алмасуына бағытталған чемпионат 13 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары