«Шымкент инновация» ЖШС ұйымдастыруымен облысқа арнайы сапармен келген «Т&Т» түркиялық компаниясы мен оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер арасында кездесу өтті. Шетелдік кәсіпкерлердің өңірімізге келуіңің басты мақсаттарының бірі – оңтүстік өңірінің кәсіпкерлерімен бахил және бахил кигізетін құрылғы шығару бойынша біріккен кәсіпорын ашу деп хабарлайды Baq.kz.
Жобаны шетелдік компаниямен біріге іске асыратын оңтүстікқазақстандық кәсіпорын – «ЖилСтрой индустрия» компаниясы. Зауыттың іске қосылуы 60 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. Ол жұмысшылар жаңа кәсіпорында қолданылатын жаңа технологияларды игеру мақсатында Түркия мен Ирландия елдерінде арнайы оқудан өтетін болады.
«Жуырда Түркияға сіздердің өңірлерініңден облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бастаған кәсіп иелерінен құралған бір топ делегация келген. Сол кездің өзінде осы өңірде сол жобаны іске асыру мүмкіндігін талқылаған болатынбыз. Келіссөздер барысында болашақ зауыттың құрылысын «Оңтүстік» индустриалдық аймағында жасау ұсынылды. Енді, осы келгенімізде біз айтылған жерді өз көзімізбен көрдік. Ол аймақта жасалған барлық қолайлы жағдайлар көңілімізден шықты»дейді Толга Хыдыроглу - «Т&Т» компаниясы басқармасының төрағасы.
Жаңа кәсіпорында шығарылытын өнім тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, Түркия нарығын да қамтамасыз ететін болады. Өндіріс қуаттылығы айына 4 миллион дана бахилді құрайды. 2015 жылы зауыт құрылысын оңтүстікқазақстандық кәсіпорынмен бірлесіп жүзеге асырмақшы.