$ 494.87  520.65  4.91

Астанада автобус жүргізушілері ән салды

Астанада М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Қазақстан халқының Тілдер фестивалі аясында мерекелік шара өткізілді. Қалалық автобус парктерінің қызметкерлері сахнада өз өнерлерін ортаға салды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарынша, шараны ұйымдастырушы  Астана қаласының Тілдер басқармасы және Астана қаласының Жолаушыларды тасымалдау орталығы. Автобус парктерінің кондукторлары, жүргізушілері, инженерлер би билеп, ән айтты. «Жолаушыларды тасымалдау орталығы» ЖШС директоры Бақытжан Ертаевтың айтуынша, мұндай шара жыл сайын ұйымдастырылады. Фестиваль бірінші кезекте халқымыздың тілін дамытуға арналған. Өйткені, тіл  бүкіл халықтың игілігі, ол ұлттың бірігуіне, ұйымдасуына әсер етеді. Адамдардың қатынас құралы.  

Елімізде тұрып жатқан ұлыстардың бірлігін жеткізетін шара аясында байқаулар, өнер иелерінің концерттері, ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары