Кеше Павлодар қаласында «Полиглот» республикалық байқауының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Оны ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті және Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырып отыр.
Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, байқаудың мақсаты Елбасы Н. Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру.
Байқаудың шарттары бойынша әр қатысушы тапсырмаларды үш тілде орындайды. Бірінші тапсырма – қатысушы өзін таныстырады, одан кейін төтенше жағдайлар жүйесінде жиі қолданылатын терминдерді аудару бойынша жазбаша жұмыс орындайды және қорытынды кезеңде жеребе бойынша таңдалған бір тілде музыкалық номер орындайды.