$ 446.49  475.38  4.79

Астанада ардагерлер Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтті

Бүгін Астанада «Отан қорғаушылары» алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Ардагерлер ұйымдарымен бірлесіп, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған акция І әскери-патриоттық форумға дайындық аясында өтті.

Астанаға Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жерленген жерінің топырағы салынған капсула жеткізілді.

Акция сондай-ақ Алматы, Бішкек, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Самара, және Мәскеу қалаларында өтеді. Оның шеңберінде салтанатты шаралар, Ұлы Отан соғысының, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерімен, интерниционалист жауынгерлермен, қоғам өкілдерімен, жастармен және әскери қызметшілермен кездесулер өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар акция аясында ү.ж. 16-18 қыркүйек аралығында Мәскеуде және Мәскеу маңында белгісіз солдаттың қабіріне және И.В. Панфилов жерленген жерге, Волоколамск және Наро-фоминск аудандарындағы кеңестік жауынгерлер жерленген жерлерге гүл шоқтарын қою жоспарланған.

Қыркүйектің 22-сіне дейін жалғасатын акцияның мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, жастарды Ұлы Отан соғысы жылдарында жасалған ерліктер үлгісінде тәрбиелеу болып табылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары